Аудандық мәслихат төрағасы іс басында

Мұхтар ШАЙДАЕВ ҚАРОЙ МЕН БЕСАҒАШ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ БОЛДЫ

0 170

Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, тұрмыс-тіршілігіндегі түйткілдер биліктің қолдауын күтеді. Бұл ретте депутаттар халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналуы тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында елмен етене жұмыс істеуге шақырды.

Күні кеше аудандық мәслихаттың төрағасы Мұхтар Шайдаев Қарой, Бесағаш ауылдық округтерінде болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бағамдады. Мұнан соң жергілікті әкімшілік пен әлеуметтік нысандарды аралап, жай-күйімен танысып, ұсыныс-пікірлерді назарға алды.
– Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, проблемаларын шұғыл шешу Заңмен де белгіленді. Мәслихат мақсаты — аудан тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, олардың өтініштерін ескере отырып, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу, жалпы аймақтың уақыт талабына сай дамуына жағдай жасау – деді аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Бекзатұлы өз сөзінде.

Түркісіб ауылында жүргізіліп жатқан ауызсу желісі мен Сұлутөрде салынып жатқан спорт нысанына назар аударған халық қалаулысы мердігерлерге құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтауды және жеке бақылауында болатынын айтты.

Аудандық мәслихат төрағасының ауылдық округтерге сапары кезінде аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Серік Спатов пен бөлім басшысы Әділет Бөлегенов бірге жүрді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.