Тергеуге алынған тағы бір экс шенді Қазақстаннан қашып кеткен

0 1 728

Сот төрелігінен қашып кеткен тағы бір азаматты құқық қорғау органдары іздеуде. Бұл жолы Тараздан қашты. Онда сот үкімі шықпай жатып, қалалық жылу электр орталығының экс-басшысы үйқамақтан қашып кеткен. Оған мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды. Бұл жайлы kaz.orda.kz. жазды.

Жылу электр орталығының экс-директоры Бақберген Мәуленовтің бір аптадан бері қашып жүргені күні бұрын белгілі болды. Ол бірнеше сот отырысына қатыспаған, содан кейін оған іздеу жарияланған.

Қашқын бір жылдан астам уақытты тергеу изоляторында өткізген. Ал өткен жылдың желтоқсан айында денсаулығына байланысты үйқамаққа шығарылды.

Кәсіпкердің қайда кеткенін тәртіп сақшылары білмейді.

Жылу электр орталығының экс-директоры, оның ұлы және тағы жеті адам бюджеттің 4 миллиард теңгеден астам қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ресми нұсқа бойынша, нысанды жеке меншігіне алған әке мен бала (бүкіл Тараз қаласын ыстық су мен жылумен қамтамасыз етеді) мемлекет қаржысын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ал бұл істе оларға жұмысшылар көмектесті.

Айтпақшы, қалғандары, оның ішінде қашқынның ұлы да әлі қамауға алынып, үкімін күтуде.

«2023 жылғы 28 наурыздағы сот қаулысымен Б.Мәуленовке іздеу жарияланды. Сотталушы ұсталған кезде бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгерту туралы қаулы шығарылды. Қалған сегіз адамға қатысты сот процесі жалғасуда» деп түсіндірді Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.