«Ескі Қазақстанның мемлекетке қарсы «заговоры»: депутат Күдебаевтың елден қашуы жайлы

0 276

Депутат Ерлан Сайыров Серік Күдебаевтың Қазақстаннан қашып кетуін «ескі Қазақстанның мемлекетке қарсы заговоры» деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мұндай «тұтқиыл қашуды» ІІМ, шекара қызметі өкілдерінсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл эксцесс жіті тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылып, Серік Күдербаев Қазақстанға экстрадиция жасалуы тиіс. Бұл мәселе Мәжіліс депутаттары бақылауында болады», — дейді ол.

Бүгін ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың елден қашып кеткенін растады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz Серік Күдебаевтың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарлаған болатын. Порталымыз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. Енді Күдебаевқа тағылған айыптардың барлығына қашу дерегі қосылады. Іспен арнайы прокурор айналысып жатыр.

Күдебаевтың соты биылғы жылдың қаңтарында басталды.

28 ақпандағы сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы алғаш рет 10 наурызда кейінге шегерілген болатын.

Үкім шығарылады деп жоспарланған 16 наурыздағы сот отырысы да өтпей қалды.  Жетісу облыстық сотының ресми өкілі 27 наурыздағы отырыс та кейінге шегерілгенін мәлімдеген.

Күдебаев 30 наурызға жоспарланған отырысқа де қатыспағандықтан, оны сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.