«Украинада барлығы осылай басталған»: Қазақстанда Ресейден әкелінген әскери ойыншықтар сатылуда

0 325

«Ресей армиясының әскери базасы» және басқа да осыған ұқсас ойыншықтар «Балалар әлемінің» сөрелерінен астаналықтардың көзіне түсті. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Ресейде жасалған әскери ойыншықтардың суреттерін спортшы Айдар Махметов жариялады.

Кадрларда «Ресей армиясының әскери базасы», сондай-ақ коллекциясы «Сыпайы адамдар» деп аталатын сарбаздардың мүсіндері көрсетілген.

Спортшы мұндай өнімдерді «көршіміздің ерекше құндылықтарының нағыз насихаты» деп атады.

«Украинада барлығы «сыпайы адамдардан» басталды… Құзырлы органдар мұны анықтап, іс видеодағы қарапайым кешірім сұраумен шектелмейді деп сенемін», — деп жазды ол.

Түсініктемелерде қазақстандықтар мұндай ойыншықтарға елімізде тыйым салуды және дүкен директорын сотқа беруді талап етті.

Еске салайық, 31 наурызда Иманғали Тасмағамбетов Украинадағы соғысты келіссөздер арқылы тоқтату перспективалары неліктен мүмкін емес екенін айтқан болатын.

Наурыздың 29-ы күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Рафаэль Гросси Ресей басып алған Запорожье атом электр станциясы маңында соғыс қимылдары жанданып жатқанын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.