Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті Күдебаев елден қашып кеткен — БАҚ

0 335

Сенімді дереккөздердің хабарлауынша, Қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев елден қашып кеткен, деп жазды nege.kz.

Күдебаевқа байланысты үкім бір ай бұрын жариялануы керек еді. Алайда сот белгісіз бір себептермен мұны кейінге қалдырып келеді.  Ал Күдебаев жүрек ауруына шалдығып, ауруханаға  да жатты. Енді ол ауруынан айыққан соң Қырғызстанмен шекарадан кедергісіз өтіп, сол жерден Өзбекстанға, ал одан кейін Солтүстік Кипрге ұшып кеткен-мыс.

Leave A Reply

Your email address will not be published.