«Батыстың кесірінен»: Тасмағамбетов Батыс елдеріне Кремлдің сәлемін жеткізді
ОДКБ-ның Бас хатшысы, өзін «Назарбаевтың төл өнімі» санайтын Иманғали Тасмағамбетов Батыс елдеріне Кремльдің сәлемін жеткізді, деп жазды DALA INSIDE телеграм арнасы.
«Киевке толассыз қару-жарақ жеткізіп жатқан АҚШ пен Батыстың кесірінен үстел басына отырып, мәмілеге келу мүмкін болмай тұр…» — деді қазақтардың сүйікті саясаткері.
Имекеңнің арғыжағында саудасы біткен Путиннің сұлбасы көрінеді. Украинаны үш күннің ішінде жаулап алмақ болған басқыншылардың көсемі келіссөзге келудің амалын таппай, аласұрып жүргені сезіледі.
Dalainside дереккөзінің айтуынша Тасмағамбетов Мәскеуге бауыр басып қалған. Имекеңнің Ресей астанасынан кеткісі жоқ. Оның ресейшіл ұстанымы күнге-күнге айқындалып келеді.