Петропавлдық белсенділер Қазақстаннан тәуелсіздігін жарияламақ

0 404

Петропавлда бір топ белсенді Қазақстаннан «тәуелсіздігін» жариялап, «Халық кеңесі» деп аталатын жиналысқа шақырды.

Әлеуметтік желіде 19 адамнан құралған топтың жиын өткізіп, Қазақстаннан тәуелсіз болғысы келетіні жарияланған видео тарап жатыр.

– Біз Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізіне, өмір сүруіне қолайсыз жағдайлардың туындауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының ерлері мен әйелдері еркін болғымыз келеді. Халыққа, сондай-ақ оның басшыларының қабілетсіздігі мен абыройсыздығына байланысты біз басқару жүйесінің барлық құрылтайшылары мен қызметкерлеріне мұрамыз бен ресурстарымызды толық сеніп тапсыра алмаймыз. Біз, халық, тәуелсіздігімізді, автономиямызды, егемендігімізді жариялаймыз. Жалпыға бірдей бөлінбейтін ұлттық мұраны сақтаудың сөзсіздігін, туған жердегі азаматтық меншік құқығының айнымастығын ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында халықтық еңбекшілер кеңесін жандандырып жатырмыз, – делінген әлеуметтік желілерде таратылған видеода.

 

2023 жылдың 19 наурызында өткен жиында 19 белсендінің төраға мен хатшы сайлап, «декларация», «жарғы жобасы», «халық кеңесінің рәміздері» деп аталатын құжаттарды қабылдағаны, мөр мен жобасын бекіткені атап өтіледі.

Жиналғандар қазақтың білім, азық-түлік, медицина жүйесіне қарсы шықты.

– Кеңестік білім берудің сәтті жүйесі деструктивті оқулықтармен шетел стандарттарымен суррогатпен ауыстырылды. Ал жоғары, техникалық және кәсіптік білім қаржылық пайда табу құралына айналды. Азық-түлік өнімдері кеңестік ГОСТ-қа сәйкес келмейді, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар толып жатыр. Тегін медицина бизнес саласына айналғандықтан қоғам балалар мен ересектерді «емдеу» үшін қаражат жинайды, – деп қосты 19 белсенді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.