Тоқаев vs Назарбаев кланы: әулетке тиесілі контрабанда каналының жолы кесілді

0 257

Жаңа Қазақстан кедендік бақылаудың мүлде жаңа алгоритмін іске қосқалы отыр. Бұдан былай шекарадан өткен тауар атаулы елге кірген сәттен діттеген жеріне жеткенше қатаң қадағалауда болады. Бұл туралы DALA INSIDE телеграм арнасы  жазды.

Шетелдік басылымдар, соның ішінде Financial Times мұны Ресейге салынған санкциямен байланыстырған-ды. Dalainside-қа жеткен мәлімет бойынша жаңа жүйе ең алдымен Назарбаев әулетін есеңгіретіп, ескі Қазақстанға күйрете соққы беруді көздейді.

Оған статистикадағы жер мен көктей алшақтық себеп болып отыр. Мынаны қараңыз:

🇨🇳 Қытайдың кеден қызметі «Бейжің былтыр Қазақстанға 16,3 млрд-дың өнімін жеткізген» дейді.

🇰🇿 Біздің «таможня» өз кезегінде «өткен жылы Қытайдан Қазақстанға 11 млрд-дың тауары өткен» деп бет бақтырмай отыр.

Кімнің сөзіне сенеміз? Жемқорлық үшін басы кететін Қытай шенеуніктері жалған мәлімет берді дегенге илана қоймаймыз.

Есептеп көрсек, екі арадағы алшақтық 5,3 млрд долларды құрайды екен! Демек, осынша көлемдегі контрабандалық тауар шекарадан баж салығына ұрынбай, «бармақ басты, көз қыстының» көмегімен өткен. Осы арада бұдан түскен пішен ақша кімнің әмиянына ауды деген сауал туындайды?

Dalainside дереккөзінің айтуынша экс-президенттің қомағай інісі әлі де болса әлсірей қоймаған, кедендегі Болат Назарбаевпен аффирленген құрылымдар шекарадан күреп табыс тауып отыр. Жаңа Қазақстан экс-президенттің сантехник інісіне тиесілі контрабанда каналдарын толық бітеп тастауға тырысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.