Қаза тапқандар бар: Батыс Қазақстанда авиациялық тікұшақ апатқа ұшырады

0 463

23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысы Чапурино елді мекенінен 6 км қашықтықта «ҚазТрансОйл» АҚ тапсырысы бойынша құбырды тексеру бойынша ұшқан «Қазавиақұтқару»АҚ Ми-8 тікұшағы қатты екпінмен келіп қонды.
Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шеккен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.