Петропавлдағы мектепте оқушыларға шабуыл жасалды

0 247

13 ақпан күні таңертең Петропавл қаласындағы №4 орта мектепке  шабуыл жасалды, деп хабарлайды Экспресс К .

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше 9-сыныптың оқушысы таңертең сабаққа өзімен бірге сөмкесіне жасырып балта мен пышақ ала келген. Сол қаруларымен басқа оқушыларға шабуыл жасап, үш адамды жаралаған.

Екі оқушы қалалық балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға сол жерде медициналық жәрдем көрсетілді. Аталған оқиғаға байланысты қазір №4 мектепте тергеу тобы жұмыс істеуде,  – делінген хабарламада.

Алайда Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бұған қатысты ешқандай мәлімет берген жоқ.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.