Анар Батырхан: «Күйеуімнің табысы 6 миллион теңгеден кем болмауы тиіс»
Танымал актриса, блогер Анар Батырхан болашақ жарына қоятын талаптарын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
«Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берген әртіс еш жағдайда да ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.
Жасым 30-ға келді. Бірақ қанша жерден сүйіп қалайын, ауылдың жігітіне тұрмысқа шықпаймын. Талабым сондай. Себебі ауылдың жағдайына шыдамаймын. Кішкентайымнан қалада өстім, сондықтан Алматының жігіті керек. Тіпті басқа қалаға да көшпеймін,— деді әртіс.
Сондай-ақ ол болашақ күйеуінің табысы қандай болуы керектігі туралы да сөз қозғады.
Тағы бір талабым — менің болашақ жарымның табысы менен бірнеше есе көп болуы тиіс. Әйелінен аз табатын күйеуді еркек деп айта алмаймын. Қазір мен айына 5-6 миллион теңге табамын, демек күйеуімнің табысы осыдан кем болмауы керек, — деді Анар Батырхан.