Қазақстан Түркияға көмек ретінде 1 миллион доллар бөледі

0 186

Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Бұдан бөлек, Қазақстаннан 101 құтқарушы мен дәрігер Түркияға көмекке аттанды.

Қазіргі таңда Түркиядағы зілзаладан құрбан болғандар саны 6240 адамға жетсе, 7 мыңға жуық ғимарат пен үй жермен-жексен болған. Іздеу-құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.