«Жер аманаты»: облыста 208 мың гектар жер қайтарылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару, оны халық игілігіне беру жөнінде бастама көтерген болатын. Былтыр «AMANAT» партиясы жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, бұл бағытта жүйелі жұмыс басталды.
Өткен жылы аталған комиссияның ықпалымен облыс бойынша жалпы көлемі 208 мың гектар жер қайтарылды. Оның 202,5 мың гектар жайылымдық жер.
Жуырда комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды. Аталған сервис мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелеріне мониторинг жүргізуге, оның қайда орналасқанын, контурын анықтауға, сондай-ақ ауданы мен меншік иесі немесе жер пайдаланушысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Барлық заң бұзу фактілері туралы 8 800 080 44 41 телефонына хабарлауға болады. Өтінімдер WhatsApp арқылы да +7 700 800 44 41 нөмір бойынша қабылданады.
«Жер аманаты» комиссиясының жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.