Ілияс пен Сәкен атылғанда Сәбит Мұқанов Көктөбеге барып тойлаған — алаштанушы

0 1 631

Белгілі алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлы «Наша история» бағдарламасында жазушы Сәбит Мұқановқа қатысты тағы бір ащы шындықты айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

1938 жылы советтік қазақ әдебиетінің соңғы үш алыбы — Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров атылды. Сол күні Сәбит Мұқанов бастаған қазақ әдебиетінің өкілдері Көктөбеге шығып енді өздері классик болатынын атап өткен,

— дейді Сұлтан Хан Аққұлы.

Ол Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров үшеуі 1960 жылдардың басында ақталғанын, ал Мағжан Жұмабаевтың жазықсыз атылғаны туралы үкімнің тек 1988 жылы шыққанын айтты. Негізі, бағдарлама Мағжан Жұмабаевқа арналған.

Сталиндік зұлмат кезіндегі ұлт зиялыларының жаппай атылуына Сәбит Мұқановтың қатысы бар екені бұған дейін де айтылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.