Таразда бала сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталды

0 346

Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталған.

​12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, Тараз қалалық көп бейінді аурухананың 2 медициналық қызметкерлері ұсталды.
​Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында, – деп мәлімдеді Тараз қаласының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.