Назарбаевтың «сенімді серігі» ұсталды

0 544

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың серігі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов ұсталды.

Бүгін Елбасы кітапханасы басшысының орынбасары – Тимур Шаймергеновтің ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы Silkroadnews-ке Астанадағы дереккөз хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, Шаймергеновты Астанадағы арнайы қызметтің өкілдері әйелімен бірге ұстаған.

Шаймергенов бұған дейін Назарбаев басқарған Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет еткен, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі болған. Сондай-ақ Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетін басқарды.

Соңғы жылдары Шаймергенов Назарбаев кітапханасының басшылығында жұмыс істеді. Орталық Азия елдері мен Қытай бойынша сарапшы.

– Құқық қорғау органдары қамауға алу туралы ресми ақпарат берген жоқ, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Назарбаев кітапханасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.