Қазақстанда өзіне қол салғандар енді бөлек жерленбек

0 842

Өзіне қол салғандар бөлек жерленеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап.
Бұл талап әзірге тек Ақмола облысында. Красный Яр ауылының маңында тек өзіне қол салғандар жерленетін зират бар. Сырттай қарағанда басқа зираттардан еш айырмашылығы болмаса да, 2008 жылдан бастап бұл жерге өзіне қол салғандар жалпы мазардан бөлек жерленіп келеді. Қазір мұндағы молалар саны 15-ке жеткен. Имамдар жергілікті ақсақалдармен ақылдаса келе осындай шешімге келіпті. Осылайша имамдар суицид жасаудың ауыр күнә екенін қарашаға ескертуді жөн көріпті.

“Бір әке-шеше өзінің ұл-қызы өздеріне қарсы шығып, өздеріне қол жұмсаймыз деп қорқытқан кезде осы жерді көрсетіпті, ұл-қызы қателіктерін түсініп кешірім сұрапты. Әке шешесі бізге кейін отбасымызға осындай үлкен тәрбие болды деп алғыстарын айтып жатты”, – дейді Красный Яр ауылы мешітінің бас имамы Науан Мұталов.

Дін қызметкерлерінің бұлай дабыл қағатын жөні бар. Бұл мәселе парламент қабырғасында да жиі көтеріледі. Бірнеше ай бұрын мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов Қазақстанда жыл сайын 4000 мыңға жуық адам суицид жасап бақилық болатынын мәлімдеген еді.

“Еліміз суицид ең көп жасалатын 20 мемлекеттің ішіне кіреді. Қазақстанда күн сайын 8-11 адам өзіне қол жұмсап көз жұмады. Тәулігіне 9-дан 16-ға дейін кісі суицид жасауға талпынады. Бұл деген сұмдық адам шығыны”, – деді депутат Ерлан Смайлов.

Суицид жасағандарды бөлек жерлеу өзгелерге ескерту іспетті дейді дін қызметкерлері. Ал психологтар суицидке дейін жеткізбей, оның алдын алудың жолдарын ұсынады.

“Жақындарыңызды қараңыз, кім жабырқап жүр, жанын жылытыңыз, жанын жадыратыңыз. Кімнің жабығып жүргені бәрібір білінеді ғой, жақын адамдар бір бірін сезеді. Бойында өзгерістер пайда болады, суицид туралы әңгімелер қозғай бастайды. Ол суицидке бірден келмейді, бірінші ой пайда болады, сосын қалай іске асырамын деп зерттей бастайды”, – дейді психолог Жанар Сейітмағанбет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.