Бекшин мен Сапарбаев лауазымды қызметке тағайындалды

0 529

Алматының бұрынғы бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мен Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев әріптес атанды.

Бұдан былай Бекшин мен Сапарбаев QazBioPharm Ұлттық холдингінде жұмыс істейді.

Жандарбек Бекшин 2023 жылғы 4 қаңтардан бастап QazBioPharm Ұлттық холдингі бас директорының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлттық холдингінің тәуелсіз директоры болды.

QazBioPharm Ұлттық холдингі 2022 жылдың жазында мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар туралы тапсырмасын орындау шеңберінде құрылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.