«Өтінішті қарап жатыр»: Елімізге McDonald’s орнына ресейлік «Вкусно – и точка» келуі мүмкін

0 497

Сараптама ұйымы ресейлік «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстандағы «Вкусно — и точка» тауар белгісін тіркеуге өтінішті қарап жатыр. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін ресейлік компания ТМД елдерінде «Вкусно — и точка» мейрамханалар желісін ашу мәселесінің қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын.

Айта кетсек, McDonald’s мейрамханалары Ресейде былтыр 14 наурыздан бастап жабыла бастады. Одан кейін биыл америкалық компанияның фаст-фуд желілері Қазақстанда да жабылды. Еліміздің 6 қаласында McDonald’s-тың 23 мейрамханасы жұмыс істеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.