«Сәкен өте қу, сыйғызбады». Базарбаевтың топтан кетуі жайлы сұрақ жұртқа жақпады

0 518

Желідегі жұрт Сәкен Майғазиев пен Алтынбек Қоразбаевты қатты сынға алды. Олар «Музарт» тобынан кеткен Мақсат Базарбаевқа қойылған сауалға ашулы, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода «Музарт» тобының барлық мүшесі кезекті бағдарламада қонақ болып отырғанын байқайсыз. Жүргізушілер әнші Қыдырәлі мен Қарақат. Бірақ қонақ болып келген Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбаевқа топтан неге кетіп қалдың деп аяқ асты сұраққа алады. Десе де бұл сауалды Алтынбек Қоразбаев басқа естелікпен ұмыттырып жібереді.

Мақсатты сен шығарып жібердің деп көп әңгіме айтады. Сол туралы не дейсің өзің, — дейді Сәкен Майғазиев.

Десе де, желідегі жұрт олардың бұл әңгімесін қатты сынға алуда. Бірі Сәкенді сынаса, енді өзгелері Алтынбек Қоразбаевты сөз қылуда.

«Сәкен өте қу. Соқыр емеспіз, Мақсатты сыйғызбады». «Сәкен құртқан Мақсатты, інісін тартып қасына». «Алтынбек неге тақырыпты ауыстырып жіберді, зияны тиген-ау». «Мейрамбек болмаса ешкімді танымайтын еді». «Халық куә, Мақсатты Сәкен шығарды», — деген ашулы жазбаларын қалдырған жұрт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.