Жамбыл ауданының жылу қазандықтары жіті бақылауда
Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков аудан аумағындағы жылу беру қазандықтарын аралап, жұмыс істеу жүйесін тексерді.
-“Қазгидромет” хабарламасына сәйкес, алдағы күндері аязды ауа райы күтілуде. Аудан аумағындағы әрбір қазандықтың жұмысын мұқият тексеріп, тәулік бойы бақылауда ұстауымыз керек. Қазандыққа жауапты маман қазандықтың жай-күйін жіті қадағалап, жауапкершілікпен қарауы қажет,-деді Нұрлан Күдербайұлы зерделеу барысында.
Аталмыш зерделеуге аудандық білім, ЖКХА және «Аса-су» мекемесінің мамандары мен БАҚ өкілдері жүрді.