Ақтауда жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар

0 455

Ақтауда газ баллоны жарылып, 1 адам қайтыс болды
Тағы 3 адам ауруханаға түсті.
«Сағат 18:20-да Ақтау қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылған. Салдарынан техникалық қызмет көрсету орталығының бір жұмысшысы (әйел) қаза болды. Үш ер адам күйік жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт себебі анықталып жатыр», — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Өрт сағат 18:48-де ауыздықталған. От шарпыған аумақ – 50 шаршы метр.

VID_20230112_224650_663.mp4

Leave A Reply

Your email address will not be published.