Психолог: «Тамақ жасау, тіпті баланы емізу – әйелдің міндеті емес» (ВИДЕО)

0 1 382

Белгілі психолог Лилия Ахметова үй шаруасындағы тазалау, тамақ әзірлеу секілді жұмыстар нәзік жандылардың міндетіне жатпайтынын алға тартты. Тіпті оның пікірінше, әйел баласын емізуге де міндетті емес, деп хабарлайды Экспресс К.

Психологтың айтуынша, әйел тек күйеуінің алдында жұбайлық борышын өтеуі тиіс. Бұл туралы ол белгілі продюсер әрі актер Нұртас Адамбайдың Youtube-каналына берген сұхбатында айтты.

«Қалғаны — әйелдің өз құқығы. Ислам тұрғысында бала қарауға, ас әзірлеуге, үй тазалауға, тіпті баланы емізуге әйел міндетті емес. Оның бәрімен қамтамасыз ету — еркектің мойнында», — деді Лилия Ахметова.

Сонымен қатар психолог жүкті әйелдер туралы да ойымен бөлісті.

«Жүкті әйелдің әрбір күні түнімен дұға жасап, күні бойы ауыз бекітіп жүрген кездегідей сауапқа толы. Ал толғақ кезі мен баланы дүниеге әкелудің сауабы шексіз. Ана сүтінің әрбір тамшысы үшін де әйел үлкен сауап алады», — деді ол.

Видео: https://aitube.kz/video?id=f3e669f1-890c-4d19-8fbb-f6bceebd3639

Leave A Reply

Your email address will not be published.