Қарағандыдағы жарылыстан қаза тапқандар белгілі болды
Бүгін Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Құтқарушылар әзірге оқиға орнынан 3 адамның денесін тапқан. Тағы бір тұрғын ауруханаға жатқызылған. Қазір өрт өшіріліп, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық арнасы хабарлады.
Төтенше жағдай орнына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барды
Эвакуацияланған тұрғындар қонақ үйлерге орналастырылады. Кейбіреулері туыстарына барады. Оқиға орнында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Қарағандыда қазір қатты аяз, ауа температурасы -35 градусты көрсетіп тұр.