Қарағандыдағы 16 қабатты тұрғын үйде жарылыс болды
Қарағандыда көпқабатты үйде газ жарылды
Республика даңғылындағы 16 қабатты тұрғын үй өртеніп жатыр. Жарылыс 8-қабатта болған.
Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап, өртті сөндіруде.
Бұл туралы «Бір кіреберісі бар 16 қабатты 127 пәтерлі үйдің 8-қабатындағы пәтерде газ жарылысы болған. Пәтер ашық жалынмен жанып жатыр. Үй кіреберісіне түтін қатты тараған.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті, шұғыл-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы күштері мен құралдары, жеке құрамның 50 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ», — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкіл Руслан Иманқұлов.
Тұрғындарды жылыту үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 3 вахталық автобусы жөнелтілген.