Қаңтар оқиғасынан кейін қанша адам сотталды?
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
«ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алу және аса ірі көлемде пара алу туралы істер бойынша тергеу жүргізді. Арнайы прокурорлардың өндірісінде барлығы 720 қылмыстық іс болған. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік қозғалыстарда тұрған 25 адам ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Сонымен қатар күдіктілердің арасында деструктивті діни ағымдардың 8 жақтаушысы бар. 126 адам бұрын да кісі өлтіру, ұрлық және тонау үшін сотталғаны анықталды», деп түсіндірді Берік Асылов.
Оның айтуынша, тәртіпсіздікке негізінен 35 жасқа дейінгі жастар қатысқан.
«Сонымен қатар бірқатар шетел азаматына да айып тағылды. Олардың арасында Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар. Қазіргі уақытта 573 адам сотталып, өз жазасын өтеп жатыр», деді Бас прокурор.
Сонымен қатар Берік Асылов қаңтардың қаралы күндерінде күш құрылымдарының жекелеген қызметкерлері ұсталғандарға қатыгездікпен қарауға жол бергенін өкінішпен қоса айтты.
«Мұны ақтауға болмайды. Президент тапсырмасына сәйкес, азаптауды қолданған адамдар, лауазымдары мен ережелеріне қарамастан, лайықты жазаға тартылады. Азаматтардың азаптау туралы өтініштері бойынша барлығы 329 қылмыстық іс қозғалды. Олардың негізгі бөлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде болды. Арнайы прокурорлар полиция мен ҰҚК қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеді. Нәтижесінде Алматы облысының полиция ғимаратында 24 адамды азаптау туралы іс сотқа жолданды», деді Берік Асылов.
Жалпы сотта 1 221 адамға қатысты істер қаралды, оның ішінде 1 205 азамат сотталды. Қазір тергеу сатысында 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тұр. Олар бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында наразылық білдірушілерге рақымшылық жасау қажеттігін атап өтті. Сондықтан «Рақымшылық туралы» заң аясында арандатушылардың ықпалына түскен және жаппай тәртіпсіздік жағдайында қылмыстық әрекеттер жасаған адамдар жазадан босатылды. Бүгінде 1 095 адамға рақымшылық жасалды, сондай-ақ ауыр қылмыс жасаған 1 001 сотталушының жаза мерзімі қысқарды», деп қорытындылады Б. Асылов.