ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ
Жамбыл ауданының жастары – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болып келеді.
Сөзімізге тұздық болсын, жуырда «Үздік жастар ресурстық орталығы — 2022» облыстық байқауының жеңімпазы Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұжымы өздері ұтып алған «газ плитасын» бүгін ғана Шайдана ауылындағы көпбалалы отбасыға берілген 4 бөлмелі пәтердің иесіне сыйлап, жомарттық танытты.
Бұдан бөлек, аудан жастары тұрмыстық техника (телевизор) азық-түлік себетін үлестірді.
Ендеше, Жандар Тоқсаба бастаған аудан жастары ауданымыздың өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынымен, ерік-жігерімен, аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтай беруіне тілектеспіз.