Маңғыстаулық әке 3 баласын дарға асып, артынан өзін өлтірген
Маңғыстау облысында ер адам үш баласын дарға асып, артынан өз өмірін де қиды.
Бұл ІІМ ресми сайты хабарлайды.
«11 желтоқсан күні сағат 19.45-те Мұнайлы аудандық полиция бөліміне өзін-өзі асып өлтіру белгілері бар төрт мәйіт табылғаны туралы қоңырау түсті. Осы қоңырауға жедел-тергеу тобы шықты. 38 жастағы ер адам, сондай-ақ сегіз жасар, төрт жас, 10 айлық балалары асылып өлген жерінен табылды. Тексеру барысында азамат Б.-ның әйелі Д.-ға жолдаған аудиожазбасы табылды. Онда ол өзінің өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан» делінген полиция хабарламасында.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Анықталғандай, бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болған, бұл адамдар ажыраспақ болған. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орны болмаған» деп қосты полиция.