Меркілік тұрғын 300 келіге жуық есірткі затын сақтаған

0 315

2022 жылғы 1 желтоқсанда Жамбыл облысы ПД және ҰҚКД бірлескен жұмыстары нәтижесінде есірткі өткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді. Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматы облыс аумағында екі жүз келiден астам түрлі есірткі заттарымен ұсталды.

Ұсталған азаматтың Меркі ауданындағы тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 231 келi 916 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затының 19 қапшығы және салмағы 2 келi 300 грамм «гашиш» есірткі заты табылды, сондай-ақ өсімдік затын ұнтақтауға арналған 2 елеуiш пен арнайы аппарат тәркіленді.

Күдікті кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

— Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.