Алматыда «Kitap Fest Kids – 2022» кітап фестивалі өтті

0 322

2022 жылы 5 қарашада Алматыда «BAURZHAN foundation» қоры ұйымдастырған «KITAP FEST» кітап фестиваліөтті. Қазақстанның жалғыз кітап фестивалі болып табылатын ауқымды шара  Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді.

Биылғы «KITAP FEST» балалар жылына сәйкес келді. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев атап өткендей, «Балаларға ерекше көңіл бөлу керек. Олардың әл — ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі». Қазақстандағы балалар жылына арналған жобаның басты мақсаты да – оқырман мәдениетін дамытып, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құрып, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру.

8 жыл ішінде «Kitap Fest» Алматының кітап сүйер қауымы үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін сүйікті алаңға айналды.  2019 жылы біз фестивальді елордада өткіздік және жыл сайын мүмкіндіктер шекарасын кеңейтіп, үздіксіз дамуға ұмтыламыз. Жақын арада кітап фестивалін еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де өткізуді жоспарлап отырмыз, өйткені оған үлкен қызығушылы қпен сұраныс бар, — деді «Kitap FEST» кітап фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова.

10 сағаттық «Kitap FEST» фестивалінің мәдени бағдарламасында  шара қонақтары әкелінген кітаптармен өзара алмасуға, ұнағандарын жеңілдікпен сатып алуға немесе оларға толығымен тегін қол жеткізуге мүмкіндік алды. Биылғы кітап фестивалінде әр түрлі жанрдағы 3000-нан аса кітап тегін таратылды.

Фестивальде 30-ға жуық жазушы, олардың ішінде: Ақберен Елгезек, Гүлжан Амангелдіқызы, Досхан Жылқыбай, Мақсат Мәлік және басқа да көптеген авторлар өздерінің жаңа кітаптарын таныстырды. Қаламгерлер қазіргі әдебиеттегі өзгеріп жатқан тенденция туралы өз ойларымен бөлісті. «Офлайн кітаптар туралы» шатырда танымал балалар жазушылары және блогерлер қауымы өз тәжірибелерімен бөлісті. Кітап жәрмеңкесінде кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін көрмеде 20%-ға дейінгі жеңілдікпен сатты. Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы аясында аниматорлар, театр қойылымдары, шеберлік сыныптары, аквагрим мен түрлі қызықты байқаулар келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтіп, нәтижесінде 600-ге тарта кітап жиналды. Алдағы уақытта олар Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсырылады.

Белгілі қазақстандық жазушы«18:47» кітабының авторы, «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпазы Досхан Жылқыбай жыл сайын аталыш кітап фестивалі шығармашылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналғанын атап өтті.

– Мұндай шаралардың ұйымдастырылып тұрғаны өте жақсы. Әдетте,жазушылар өз аудиториясымен тек кітапханаларда немесе басқа да кішігірім жиындарда кездесіп жатады. Ал осындай кітап фестивалінде кез-келген кітапқа қызығатын адам өз сүйікті жазушыларымен тікелей жүздесіп, пікір алмасып кітабын алуға мүмкіндігі бар. Сондықтан мұндай шаралар авторлардың аудиториясын кеңейтеді деп ойлаймын, – деді жазушы.

Фестивальде «Мама, қазақша сөйлеші» орыс-қазақ сөздігінің және қазақ тіліндегі балаларды дамыту кітаптарының авторы Әсел Сапақова баланың жеке басының дамуындағы әдебиеттің рөлі туралы айтып берді.

– Ұйымдастырушыларға осындай керемет іс-шара үшін алғыс айтқым келеді. Биыл фестивальде халық саны көп болды. Біздің мақсатты аудиториямыздың көп бөлігі келді десек те болады. Барлық кітаптар дерлік сатылды. Осындай шаралардың өркендеуін және кітап сүйер қауымның қатары артсын деп тілеймін, – деп атап өтті жазушы.

Kitap FESTфестиваліАлматыда 8 жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2019 жылы ол алғаш рет бас қала Астанада ұйымдастырылған еді. Енді ұйымдастырушылар фестивальді Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.