Пластик есік-терезеге сұраныс зор

0 367

Осыдан бес жыл бұрын Сарысу ауданында өз ісін бастаған Сарсенбекова Шарипа бүгінде жұмысының жемісін көріп отырғанын айтады.

— Сарысуда пластик есік-терезеге деген сұраныстың жоғары екенін аңғардым. Сосын осы салада өнім өндіретін цех ашуды жоспарладым. Бастапқы да ертеңгі күні тапсырыс болмай жатса, кәсібім жүрмей бизнесім аяқсыз қалады-ау деп еш уайымдаған жоқпын.

Нар тәуекел етіп, ісімді бастап кеттім. Кейін жұмысым жүріп, сұраныс артқан сайын өз ісімді өрістете бастадым.

Қазір жаман емес, кәсібімнің арқасында үлкен пайдаға кенеліп жатырмын. Бастысы мемлекетке салмақ салмай өз-өзімді жұмыспен қамтып отырмын.

Өнімнің бұл түріне әлі де сұраныс жоғары. Уақытпен санаспай барынша тұтынушы талабына сай өнім шығаруға күш салып жатырмыз.

Қазір нағыз құрылыстың қызып тұрған шағында тапсырыс саны да артып келеді. Тұтынушыларым да риза, мен де жеке табысыма қол жеткізіп жатырмын.

Бұйыртса, тағы да қосалқы аппараттар алып, цехта өндірілетін өнім түрлерінің санын көбейту жоспарда бар, – дейді ЖК «Сәрсенбекова» басшысы.

Ия, пластиктен есік, терезе темірден есік, терезе және есік, терезеге арналған тор жасау цехына сұраныс көп екендігіне жылына 100 тн өнім шығаратынын естіп, біз де көз жеткіздік.

Пластиктен есік, терезе темірден есік, терезе және есік, терезеге арналған тор жасау цехының басшысы Сарсенбекова Шарипа 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев жеке кәсіпкермен емін-еркін әңгімелесіп, ұсыныс пікіріне құлақ асты. Алдағы жұмысына табыс тілеп, сапалы өнім шығара берулеріне тілектестік білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.