Тұрғындар мәселесі басты назарға алынуы тиіс
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев кезекті қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені жұмыссыздық мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар баспана, әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді.
Тұрғындардың өтініш-шағымдарын тыңдаған аудан әкімі халықты мазалаған бірқатар мәселелердің шешімін табудың заңды жолдары қарастыру үшін тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған қала тұрғындарына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі