«Ауыл — ел бесігі» жобасы Қамқалы ауылдық округінде жалғасты
Жоба аясында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев «Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңіс» монументінің ашылу салтанатына қатысып, ауыл қарияларымен кездесіп, тұрғындарды алаңдататын мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Сонымен қатар күн санап көркейіп, әлеуметтік бағытта дамып келе жатқан Шығанақ ауылында «Сұлтан» азық-түлік дүкені ашылып, балық өсіру кәсібімен айналысатын Р.Баушеновтың шаруашылығы таныстырылды.
Әрі қарай мерекелік бағдарлама «Ауылым-алтын бесігім» өнер фестиваліне жалғасып, кіші футбол алаңында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі