Сарысуда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті
Сарысу ауданында әр сенбі сайын жергілікті шаруалар өз өнімін делдалсыз алып келетін ауылшаруашылық жәрмеңкесі тұрғындар көңілінен шығып үлгерді.
Аудан әкімі М.Сұлтанғалиев әдеттегідей бағаны тұрақтандыру мақсатында бақылау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен тілдесіп қайтты.
Орталық алаңда ұйымдастырылған жәрмеңкеде 2,7 тонна ет пен шұжық, 1,1 тонна сүт, 7,5 тонна картоп, 6,2 тонна бақша, 7,8 тонна көкөніс, 3,4 тонна көлемінде жеміс (алма, жүзім, өрік, клубника, малина және т.б), 180 бал өнімдері ұсынылды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі