Полиция көлігінің үстінде суретке түскен алматылық жазаланды

0 492
Алматыда белгісіз біреу полиция көлігінің үсітінде тұрып суретке түскен. Сурет әлеуметтік желіде пайда болды.Алайда құқықбұзушы тез арада анықталды. Хаттама толтырылғаннан кейін бұзақы сот алдында жауап берген.

Оның ісі Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Ер адам құқық қорғау органы қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, қызметтік көліктің үстінде тұрып суретке түскен. Суреттерді әлеуметтік желіде жариялады. Сот оны екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Себебі оның әрекеттері қоғамдағы мінез-құлық нормаларын елемегенін және қоғамдық тәртіпті бұзғанын көрсетеді», — деді сот қызметкері.
 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.