Сарысу ауданында балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылды

0 103
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» №246 Заңына және ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» №1032 Қаулысына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-3 жәек 3-6 жас аралығындағы балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз етіліп келеді.

Әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету мәселесі Сарысу ауданда да оң шешімін тапқан. Уәкілетті орган тарапынан аталған жастағы балалардың тізімі жасақталып мердігерге ұсынылуда (алушылардың тізімі ай сайын өзгертіліп отырады).

2022 жылдың 1 тамызындағы көрсеткіш бойынша  1-3 жас аралығында — 191, 3-6 жас аралығында — 165, барлығы 356 баланың тізімі жасалып, мердігер кәсіпкер тарапынан тиісті пакеттермен қамтылды. Тауарды ұсынушы ретінде 2 аудан кәсіпкері қызмет көрсетуде.

Ұсынылған тауар түрлері:

1) 1 – 3 жас аралығындағы балалар үшін бір пакеттегі тауардың құны 4 615 теңге, оның ішінде балалар печеньесі 180 гр, гипоаллергенді балалар ботқасы 320 гр, жүгері жармасы 400 гр, ультрапастерленген сүті 2 л, гипоаллергенді жеміс пен көкөніс пюресі 1200 гр, сұлы (овсянды) үлпектері-800 гр төмен емес.

2) 3 – 6 жас аралығындағы балалар үшін бір пакеттегі тауардың құны 5 763 теңгені құрайды: классикалық гематоген 240 гр, ұсақталған бұршақ 800 гр, балалар печеньесі 400 гр, қарақұмыс немесе күріш жармасы 1,6 кг, інжу арпа  (перловка) 800 гр, макарон өнімі 800 гр, ұнтақ жармасы 700 гр, күнбағыс майы 0,8 л,  табиғи бал 200 гр, пастерленген сүт 2 л, сүтті тұтас дәндер қосылған таңғы ас 250 гр,  сұлы (овсянды) үлпектері-800 граммнан төмен емес.

 

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.