Жәрмеңкеде күнделікті тұтынатын тауарлар арзан бағада ұсынылды
Бүгін ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі орталық алаңда өтті.
Жәрмеңкеде ауылдық округтердің шаруа қожалықтары қолжетімді бағада көкөніс, бақша жемістері мен ет, сүт өнімдерін шығарды.
Мәселен, Түркістан ауылдық округі картоп бағасының бір келісін 100-160 теңге бағасында ұсынса, күнделікті тұтынылатын сиыр сүті — 250, пияз — 150, қияр — 100, қызанақ -150, сәбіз — 130, қарбыз — 60, қауын — 80, алма -150, жүзім — 300 теңгеден сатылды.
Сондай-ақ жылқы — 2200, сиыр мен қой еті — 2000 теңгеден базар бағасынан төмен сатылды.
Бүгін жәрмеңкеге шығарылған өнім көлемі:
1,5 тонна сүт өнімдері;
25 тонна картоп;
11 тонна бақша;
14,5 тонна көкөніс
1 тонна көлемінде жеміс; (алма, жүзім, өрік және т.б)
500 кг шұжық өнімдері;
200 кг бал (мёд) тауарларын құрап отыр.
Жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті шаруалардың өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсыну, тамақ өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз жеткізу болатын.
Таңғы сағат 8.00-ден бастау алған жәрмеңкеде келушілердің қатары көп болды. Тұрғындар тиімді бағада ұсынылған өнімдер
үшін ризашылықтарын білдірді.
Әр шаруалармен жеке-жеке сөйлесіп, жағдайларын сұрап, алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға шақырдым.
Сондай-ақ жәрмеңке аясында сатушылар мен тұтынушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
- Марат Сұлтанғалиев,
Сарысу ауданының әкімі