Аппараттық кеңесте түйткілді мәселелер талқыланды

0 108
 Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші бойынша 7 айдың нәтижесі, Тоғызкент, Жайылма ауылдық округтерінде түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуы, міндеттелген жобалардың іске асырылуы, медициналық сақтандыру мәселелері, аудандағы фитосанитарлық ахуал және кезекті жүргізілетін жұмыстар бойынша баяндамалар тыңдалды.
👩‍💼 Мәселен, 2022 жылдың 7 айлық қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері 36 млрд. 890 млн. теңгеге өндірілсе, ауыл шаруашылығы өнімі 5 млрд. 860 млн. теңгеге жеткен.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13 млрд. 600 млн. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі 3 млрд. 651 млн. теңгені құрап отыр.
👩‍⚕️ Медициналық сақтандыру мәселелесіне келсек, ауданда халықты тіркеу жүйесінде (РПН) 39 158 адам тіркелсе, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылған халық саны 33 832 (86,6%).
📈 Қазіргі таңда, әр аймақтық дәрігерлеріне сақтандырылмаған аудан тұрғындарының тізімдері беріліп жұмыс жасалуда. Аталған іс-шараның орындалуы бойынша мониторинг жүргізіліп, аудан әкімдігіне тұрақты мәлімет ұсынылып отыр.
☘️ Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Сарысу аудандық филиал мамандарының анықтау-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аса қауіпті зиянды шегірткелерге қарсы күрес бойынша химиялық өңдеу 6800 гектар жерге жүргізілген, оның ішінде 800 гектар — аса қауіпті итальян прусына, 6000 гектар — азиат шегірткесіне.
🌿 Одан бөлек өсімдіктер карантині саласы бойынша карантинге жатқызылған өнімді ҚР тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру және тасымалдауға карантиндік сертификат тапсыру бойынша мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
📌 Аудан әкімі мен Жайылма ауылдық округі әкімі арасында бекітілген түйінді нысаналы индикаторлардың ІІ тоқсан қорытындысының орындалуы бойынша «БЖК 2025 бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау шаралары бойынша несиелік субсидия (6%) бөлінген.
📍 «Жұмыспен қамту жол картасы» жобасы аясында облыстық қаржылай қолдау қоры арқылы «Сағадат»,«Толқын» шаруа қожалықтары тиімді несиеге қол жеткізді.
Ауылдық округте жыл басында шағын несие бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2 азамат шағын несиеге қол жеткізген.
⚠️Жиын барысында Марат Қырғызәліұлы жауапты мамандардың баяндамаларын тыңдап, салаға байланысты сұрақтар қойып, жүйелі жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.
 Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.