Ауданда төтенше жағдайға қатысты ауқымды оқу-жаттығу жұмыстары өтті
Оқу-жаттығу барысында аудан аумағындағы жойқын жер сілкінісі салдарын жою бойынша азаматтық қорғау күштері мен жергілікті атқарушы органдарының іс-әрекеттері, азаматтық қорғау жүйесін бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына ауыстырған кездегі аудан экономикасын басқару, шекаралас мемлекеттерден келген босқындарды қабылдау және қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жедел әрекет ету дайындығы пысықталды.
Төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғаныс жоспарының іске асырылуын, басқару органдарының, ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің күштерінің бейбіт және соғыс кезеңінде міндеттерді мақсатқа сай шешуге дайындығын тексеру, басқару жүйесін және ауданның байланыс және құлақтандыру жүйесінің жағдайын тексеру, эвакуациялық қабылдау пунктін құру және тұрғындарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыстардың нәтижесін аудан әкімінің аппарат басшысы Жұмат Сақыпбеков бақылап қайтты.
Штаб құрамына ауданның басшы құрамы және ауылдық округтердің әкімдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия мүшелері, эвакуациялық органдары, аудандық азаматтық қорғау қызметтері, шаруашылық нысандары, эвакуациялық қабылдау құрамының қызметкерлері өз тапсырмаларын мүлтіксіз атқарып шықты.
Ауқымды оқу-жаттығуға өрт сөндіру техникасы, жедел жәрдем көліктері жұмылдырылып, алғашқы медициналық көмектер көрсетіліп, құтқару қызметтері ұйымдастырылды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі