Аппараттық кеңес отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті
Кезекті аппараттық кеңес барысында Жаңаталап ауылдық округінің жұмысы, аудан әкімі мен қала және ауылдық округ әкімдері арасында бекітілген түйінді нысаналы индикаторлардың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша орындалуы, аудан әкімдігі жанындағы комиссиялар мен кеңестердің жұмыстары, мал азығын дайындау және күзгі жиын-терін жұмыстарын өткізу туралы көрсеткіштердің нәтижесі тыңдалды.
Мәселен, Жаңаталап ауылындағы Р.Сәтенұлы көшесі бойынан кіші футбол спорттық алаңшасы салынса, «Жомарт түлек» жобасы аясында ауыл тұрғыны О.Алтишев өз қаражатынан демеушілік етіп, атшабар алаңын салып берген.
Елді мекендерді абаттандыру бойынша 2 айлық абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, ауыл ішінен 29 тонна қоқыс шығарылып 800 түп қара тал, 1000 түп алма тал көшеттері отырғызылған.
Ағымдағы жылы ауданымызда мал азығын дайындау үшін шөп шабуға белгіленген алқап көлемі 34720 га құраған, оның ішінде 5350 га жоңышқа және 29370 га табиғи шабындық алқап. Мал азығы қоры ретінде 101200 тн шөп жинақтау жоспарланды. Бүгінде дайындалған шөп көлемі 88730 тоннаны құрап, жоспар бойынша 86,8% орындалып отыр.
Сонымен қатар кеңес отырысында нәтижеден бөлек, кемшіліктер де айтылып, кемшілікті жою мақсатында нақты тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі