Кәсіби мереке кең көлемде аталып өтті

0 271

Қазан айының соңғы жексенбісі елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні ретінде аталып өтеді. Мерекелік шара  алғашқылардың бірі болып қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде басталды. Салтанатты жиын барысында бөлім басшысы Гаухар Олжабаева көпшілікті мерекемен құттықтап ізгі лебізін жолдады. Бұдан кейін саланың бірқатар үздік қызметкерлері қалалық мәслихаттың, қала әкімінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

Бөлім өз қызметкерлері арасында эссе жазу байқауын да ұйымдастырған екен. Келіп түскен 72  туындының үздік шыққан 4-і бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтсақ, 1-орынды мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері Розакуль Бейсенбаева  иеленсе, 2-орын аталған бөлімшенің тағы бір қызметкері Загила Сулейменоваға бұйырды. Ал балалар мен 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкері Асима Боранбаева 3-орынды еншілесе, аталған бөлімшенің әлеуметтік қызметкері Алтынай Рахымжанова ынталандыру сыйлығын місе тұтты.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Құрбанәлі Шахабай

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.