Тараз қаласының Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында «Есірткісіз өмір» акциясы өтті. Шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тараз қаласының 1-ПБ ювеналдық полициясы қалалық жастар ресурстық орталығының, облыстық ПД кинологиялық қызметінің қолдауымен ұйымдастырды.
«Қарасора-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өткізілген акция барысында полиция қызметкерлері жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және олармен байланысты қылмыстарды жасаудың салдары туралы айтып берді, кинологтар қызметтік-іздестіру иттерімен көрсетілім қойды.
⁃ Акцияның негізгі мақсаты-жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани — адамгершілік құндылықтарды жаңғырту, спортпен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру, — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.
11-сынып оқушысы Айсана Оразқұлова барлық құрдастарын акцияға қатысуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
⁃ Егер біз үнемі спортпен шұғылданып, түрлі үйірмелерге қатысатын болсақ, онда мен және менің құрдастарым жаман әдеттерден аулақ болар едік. Бүгінгі тәртіп сақшыларымен кездесу кезінде бұл туралы мәнді әңгімелер болды , — деді ол.