Елімізде Ұлттық жад институты құрылады

0 479

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы өтті

Жиын барысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мен оның өңірлік филиалдарының биылғы атқарған қызметі талқыланды.

Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қ.Көшербаев аталған комиссияның жұмысын ұйымдастыру кезеңі аяқталып, еліміздің түрлі архивтерінде ғалымдардың және сарапшылардың белсенді зерттеу жұмыстары басталғанын атап өтті.

Комиссияның қызметін қамтамасыз ету үшін арнайы Жобалық офис құрылып, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген. Сонымен қатар Мемлекеттік комиссия жұмысының барлық бағытын толық қамту үшін 11 жұмыс тобы құрылды. Әр топ өз қызметін қуғын-сүргін құрбандарының санатына сәйкес тақырыптық жоспарлар мен белгілі бір әдістемелер аясында жүзеге асырады.

Мемлекеттік комиссияның жұмысын жүйелі ұйымдастыру үшін еліміздің барлық аймақтарында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылды. Оларды облыстардағы әкімдердің орынбасарлары басқарады және құрамында ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері бар.

Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мәжіліс барысында жұмыс топтарының барлық мүшесі жабық және арнайы архивтерде жұмыс істеуге рұқсат алғанын атап өтті. Ғалымдардың жалақысы мен барлық әлеуметтік төлемдері сақтала отырып, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы негізгі жұмыстарынан уақытша босатылды.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.