Инвестиция бойынша түсіндіру жұмысы

0 178

Ірі компания өкілдері Сарысу ауданының тұрғындарына инвестиция тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тілеубайұлының төрағалығымен өткен тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қаржы департаменті, «АІХ» компаниясының реттеу және комплаенс департаменті, «KASE» ҚҚБ-ның листинг департаменті, «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалы, «BCC Invest» пен «Freedom Broker» инвестициялық компанияларының өкілдері қатысып, халықты инвестиция тартуға шақырудың артықшылықтары мен тиімділігі туралы баяндама жасады.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған кезекті «Әділетті Мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауына негізделген тапсырмалар аясында қаржылық сауаттылықты арттыру және инвестициялық мәселелерді қарастыру бағытында компанияның капиталына белгілі бір шарттарды ұсына алатын болашақ инвесторларды компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен таныстырды.
Үкіметтік Жекешелендіру жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына өз активтерін бәсекелес ортаға шығару тетіктері және елдің ірі компанияларының IPO-ға қатысу мүмкіндіктері туралы негізгі ақпараттар ұсынылды.
Қазақстандықтардың IPO-ға қатысуын қолжетімді ету бағытын көздейтін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қазақстанның барлық өңірінде жалғасатын болады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.