Жаңа спорт алаңшасы ашылды

0 320

Түркістан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылында спорт алаңшасы ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е. Есмаханов, аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.
Ауыл қариялары заман талабына сай Үшбас ауылыннан ашылып отырған заманауи спорт алаңшасының балалардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, бос уақыттарын тиімді пайдалануға септігін тигізері сөзсіз екендігін айтып, осынау игі іске ат салысқан барлық азаматтарға алғыстарын білдірді.
Жаңа спорт алаңшасының лентасы салтанатты жағдайда кесіліп, халық игіліне пайдалануға берілді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.