NASA алғаш рет Марстағы ауа райын жариялады
MEDA радиация және шаң сенсоры Jezero аймағында Гейл кратеріне қарағанда атмосфера тазарақ екенін көрсетті. Гейлде басқа, Curiosity ровері жұмыс істейді. Ғалымдар қысымды да өлшей алған — ол 718 паскальды көрсеткен.
Инженерлер өлшеу құрылғысы ровердің қолына орнатылғанын атап өтті. Оның сенсоры роликтің белсенділігіне қарамастан жұмыс істейді және Марста жүретін құрылғы демалған уақытта MEDA ақпаратты жүйелей береді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл өлшемдер Марс туралы жаңа ақпарат біліп, Perseverance-ті басқаруға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, планетаға адамдардың келуі үшін де өте маңызды.
Еске салайық, 18 ақпанда Perseverance ровері Ingenuity тікұшағымен Қызыл планетаның бетіне сәтті қонды. NASA планетадан алғашқы видеолар мен жаңа суреттерді жариялады.