Қазақстандықтар мінген автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар көп
Ульяновск облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости шұғыл қызметтердегі дереккөзге сілтеме жасап.
Бұған дейін Ульяновск облысында жексенбі күні автобус апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапқаны және тағы үшеуі зардап шеккені хабарланды.
Ресейдің құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. Шұғыл қызметтердің алдын ала мәліметі бойынша, көз жұмғандар мен жараланғандар – Қазақстан азаматтары.
Ульяновск облысындағы апат салдарынан он бес адам қаза болды. Зардап шеккен үш адам ауыр халде ауруханаға түсті, — деді агенттікке дереккөз.