ХҚО ғимараттарының жанына велотұрақтар орнатылды

0 107

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы клиенттерге қолайлы жағдай жасау үшін еліміздің бес қаласында ХҚО ғимаратының жанында велотұрақ орнатты.

Бұрын ХҚО-ға велосипедпен келетін клиенттер транспортты қоятын жер таппаса, енді бұл мәселе шешімін тапты.
Бүгінде велотұрақтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларында пайда болды. 2023 жылы велотұрақтар барлық облыстың орталығында және ірі қалаларда пайда болады деп жоспарланды.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.