Нұртай Әбіқаевқа қатысты жаңа дерек белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, генерал-майор, зейнеттегі саясаткер Нұртас Әбіқаев жақында инсульт алғаны мәлім болды, деп хабарлайды Экспресс К.
Telegram-дағы chinovnik_kz арнасы қазіргі кезде қайта қалпына келтіру процесі сәтті өтіп жатқанын жазған.
75 жастағы Нұртай Әбіқаев биыл соңғы қызметі «Отандастар қоры» мен Қазақстан гольф федерациясы президенттігінен кеткен.
Нұртай Әбіқаев — 1947 жылдың 15 мамырында Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1998 — 1999 және 2010 жылдың тамызы мен 2015 жылдың 25 желтоқсаны аралығында ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, 2002-2004 жылдар ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болды. Сенатта депутат, Ресей Федерациясында елші, Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды.