Назарбаев туралы кітап қыруар қаржыға сатылымға шығарылды

0 539

Хабарландыру иесінің жазғанына қарағанда Тұңғыш Президент жайлы бұл туындыны дүкеннен табу мүмкін емес екен.

Әңгіме 2009 жылы Елордада орыс тілінде басылған «НАЗАРБАЕВ Нурсултан Абишевич — основатель независимого государства» энциклопедиясына қатысты болып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Тарих институты құрастырған аталмыш энциклопедияның бар болғаны мың данасы жарық көргені белгілі. Авторлар жұмыс барысында ҚР Тұңғыш Президентінің кеңсесі мен ҚР Бірінші Президентінің мұражайына тиесілі материалдарды қолданған.

Энциклопедия шет мемлекеттердің басшылары, король отбасылары мен басқа да сыйлы қонақтарға естелікке тарту үшін жасалды. Құрастыру кезінде қағаздың үздік сорттары пайдаланылып, өрнектері алтынмен апталған. Сол себепті оның салмағы төрт келіге жете-ғабыл. Кітапта еш жерде жарияланбаған сирек суреттер, тарихи және иллюстрациялық материалдар бар, — дейді хабарландыру берген азамат.

Жалпы OLX порталында Тұңғыш Президенттің есіміне қатысты естелік заттар аз емес. Мысалы, Алматылық бір келіншек Назарбаев бейнеленген 10 мың теңгелік банкнота үшін 50 мың теңге сұраса, Қазақстанның бұрынғы басшысының 1989 — 2009 жылдары сөйлеген сөздерінен құрастырылған жинақты 15 мың теңгеге сатып алуға болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.